Қазақстанда мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады

0
181
Фото: кадр из видео

 – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасы көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу жөніндегі жұмыстың жалғасы саналады. Себебі мопедтердің көбеюі жолдарда олардың қозғалысын реттеуді қажет етеді. Қазір мопедтер арзан көлік түрлерінің бірі. Мопедтердің көбеюі де жолдардағы көлік апаттарына әсер етеді. Тек 2023 жылы апат саны 750 болды, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп», – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышялева.

Заң жобаларында:

– қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу;
– мопед жүргізушіне қойылатын талаптарды белгілеу;
– жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беру;
– жол қауіпсіздігін цифрландыру бойынша нормалар ұсынылды.

«Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің аясында рұқсат етілген жылдамдықты әлдеқайда асырып жүретін адамдардың жауапкершілігін күшейтуді ескерілген. Мұнымен қоса, мопед жүргізушісін механикалық көлік құралдары жүргізушімен теңестіру қарастырылған», деді депутат.

Бұдан бөлек, жолдарды және жол құрылысжайларын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі артады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ