Қазақстанда пәтерлер қандай бағамен сатылып жатыр

0
33
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда пәтерлердің орташа бағасы бөлме санына қарай 13 миллионнан 25 миллион теңгеге дейін барады. Кейбір қалаларда баға одан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін, деп хабарлайды zamandas.kz Qaz365.kz -ке сілтеме жасап.

Krisha.kz еліміздегі пәтерлердің құнын зерттеді. Қазір баспана қанша тұратынын, қай қалада арзан, ал қай қалада қымбат екенін анықтады.

Қазақстанда пәтер қанша тұрады

Бөлме санына байланысты пәтердің орташа бағасы төмендегідей:

  • 1 бөлмелі — 13 млн тг;
  • 2 бөлмелі — 19 млн тг;
  • 3 бөлмелі — 25 млн тг.

Бұл — 20 қаладағы орташа баға көрсеткіші.

Ең арзан пәтер қайда

Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.

  • 1 бөлмелі — 7.5 млн тг;
  • 2 бөлмелі — 12 млн тг;
  • 3 бөлмелі — 16 млн тг.

Алматыдағы бір бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш бір бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады.

Ең арзан қалаларға мыналар да кіреді:

— Тараз;
— Талдықорған;
— Жезқазған.

Бұл жақтарда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9.5-10.5 млн аралығында, екі бөлмелісі 14 млн тұрса, үш бөлмелі баспананың бағасы 21–23 млн теңгеге жетеді.

Қала 1 бөлмелі 2 бөлмелі 3 бөлмелі
Астана 18 млн 26.8 млн 39.5 млн
Алматы 24 млн 36 млн 44 млн
Ақтау 11.4 млн 16 млн 24.8 млн
Ақтөбе 12.3 млн 18 млн 25.9 млн
Атырау 15 млн 23 млн 28 млн
Жезқазған 9.8 млн 14 млн 23 млн
Қарағанды 12.5 млн 16.8 млн 24.5 млн
Көкшетау 11.5 млн 16 млн 20.5 млн
Қонаев 15 млн 20 млн 25 млн
Қостанай 14.4 млн 19.9 млн 26.2 млн
Қызылорда 7.5 млн 12 млн 16 млн
Павлодар 12.3 млн 18 млн 23.5 млн
Петропавл 12.6 млн 18.5 млн 25.4 млн
Семей 11.9 млн 17.5 млн 23.5 млн
Талдықорған 10.5 млн 14.8 млн 21 млн
Тараз 9.5 млн 14 млн 21 млн
Түркістан 12.5 млн 18 млн 23 млн
Орал 12 млн 17.5 млн 25 млн
Өскемен 12.5 млн 19.3 млн 27.5 млн
Шымкент 15.5 млн 22.5 млн 28.5 млн

Қазақстандағы ең қымбат пәтер

Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы — Алматы.

Биыл қарашадағы бағалар:

  • 1 бөлмелі — 24 млн тг;
  • 2 бөлмелі — 36 млн тг;
  • 3 бөлмелі — 44 млн тг.

Астанада пәтер құны Алматыдағыдан төмен:

  • 1 бөлмелі — 18 млн тг;
  • 2 бөлмелі — 26.8 млн тг;
  • 3 бөлмелі — 39.5 млн тг.

Үштікті Шымкент түйіндейді:

  • 1 бөлмелі — 15.5 млн тг;
  • 2 бөлмелі — 22.5 млн тг;
  • 3 бөлмелі — 28.5 млн тг.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз