Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Мәдениет

Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің академиялық залының ашылу салтанаты өтті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабар етті,-деп хабарлайды zamandas.kz.

Іс-шара барысында жазушының XIII томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.

Шығармалар жинағына жазушының романдары, аудармалары, драматургиясы, тарихи зерттеулері сияқты шығармалары топтастырылған.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, Әкім Таразидің жары Роза Мұқанова қатысты.

Кітапхананың төртінші қабатында орналасқан жайлы, заманауи Әкім Тарази залы алдағы уақытта ғалымдарға, доктаранттарға, қаламгердің шығармашылығын насихаттап, зерттеп жүрген оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетедi.

Залға жазушының жеке қоры, фотосуреттері, кітаптары мен коллекциялары қойылды.

 

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Бұл – өлеңмен өрілген сыр, жүректен жүрекке жол тартқан поэтикалық диалог

zamandas69@mail.ru

Қазақ әндерін өз тілінде шырқайтын кореялық әншіге Ақтөбеден ұсыныс түсті (ВИДЕО)

«Шаттық» байқауы жыл бойы өтіп келе жатыр