Қазақстанда утиль алымы жойылмайтын болды
– ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қатысты петицияны қарастырудың қорытындысын шығарды.
2024 жылғы 27 мамырда министрлікке «ҚР халқы утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы» атты петиция түскен болатын.
“ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабына сәйкес, Министрлік тарапынан 2024 жылғы 4 маусымда петицияда көрсетілген мәселелерді қарау үшін жұмыс тобы құрылып, оған заңнамаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, өтініш беруші және оның өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер кірді.
Жұмыс тобының отырыстарын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, онда Көкшетау, Алматы, Семей, Қостанай қалаларындағы машина жасау кәсіпорындарына бару болды, оған «КАМАЗ-Инжиниринг», «Kazrost Engineering Ltd.», «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы», «Hyundai Trans Almaty», «Hyundai Trans Kazakhstan», «СемАЗ», «Daewoo Bus Kazakhstan» зауыттары кірді.
Петицияны қарау барысында оның авторы мен бастамашыл тобы қайта өңдеу төлемін енгізу бәсекелестіктің бұзылуына әкеліп соқтырғанын және соның салдарынан автокөліктердің, ауылшаруашылық техникалары мен арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне сондай-ақ автокөлік паркінің ескіруіне әкелді деген уәждерін айтты. Сондай-ақ петицияда «Жасыл Даму» АҚ утилизациялау жөніндегі міндеттемелерін орындамай, Экологиялық кодекс талаптарын бұзып отырғаны айтылған.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар өтiнiштiң дәлелдерiмен және оған келiп түскен ескертулермен келiспейтiнiн бiлдiрдi.
ҚР ӨҚМ петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады” делінген ведомство хабарламасында.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабына сәйкес, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, петиция беруші әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658