Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

0
311

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке запастағы офицерлерді шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ офицерлерді шақыру жоспарланған мемлекеттік органдардың атаулары көрсетілген.

Құжат Ашық НҚА сайтында 6 маусымға дейін талқыланады.

2023 жылғы 2 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында өтетін әскерге кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ