Қазақстандық ауыр атлет допингпен ұсталды

0
178

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) қазақ ауыр атлеті Артем Антроповтың сараптамасы оң болып шыққанын мәлім етті деп хабарлады BasSport.kz сайты.

Агенттік Халықаралық ауыр атлетика федерацияық барлық допингке қарсы процедураларын тексереді. Сол кезде Артем Антроповтан SARMS-23 препаратын тапқан. 23 жастағы Антропов – биылғы жылы допингке байланысты шеттетілген алтыншы спортшы.

Айта кетейік, Артем Антропов 2000 жылдың 23 қаңтарында дүниеге келген. Бұған дейін ересектер арасында 2020, 2022 жылдары Азия чемпионы атанса, 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ