Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды

0
113
Фото: Наталья Зинченко / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Отандасымыз, биотехнолог Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Отандасымыз, биотехнолог Дос Сарбасов Техас онкологиялық университетінің Андерсон зертханасында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ол жасушалық тамақтануға маманданған. Ол қатерлі ісік жасушаларының қоректік процесін бұзудың жолын таба алды. Бұл онкологиялық аурулармен күресудің инновациялық тәсілі», – деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, инновациялық дәріні алдымен қояндар мен тышқандарға сынаған. Сосын онкология университетінде 15 адам сынақтың бірінші кезеңнен өтті.

«Олар қатерлі ісікпен ауыратын адамдар. Келесі жылы нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз», – дейді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ