Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалым атанды

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың бірі атанды. Бұл туралы Aikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%-ы» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енген.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырды. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады.

Сәрсенбек Монтаев қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы.

Профессор «Болашақ» бағдарламасымен Жапонияда нанотехнология мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Сәйкес жаңалықтар

2025-2026 оқу жылында қолданысқа енгізілетін жаңа оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды

Оқушылар да шәкіртақы алады

Жобаның негізгі ерекшелігі – жергілікті минералдық шикізат пен қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану