Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте нешінші орында тұр

0
302

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингте нешінші орында тұғаны белгілі болды.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Майами мастерс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакинаның 7-орнында қалғанын мәлімдеді.

Ал Юлия Путинцева 47-орында, Жібек Құламбаева 441-інші, Гөзал Айнитдинова 450-сатыда келеді. Жұптық сында Анна Данилина 27-орнын сақтады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 56-ға сырғыса, Тимофей Скатов 155-тен 144-ке көтерілді. Денис Евсеев те жағдайын жақсартты, ол 302-орынға жайғасты. Бейбіт Жұқаев 343-тен бірден 315-ке жоғарылады.

Жұптық сында Андрей Голубев 68-інші, Александр Недовесов 70-сатыда тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ