Қазақстанның курорттық аймақтарында жаңа әуежай салынбақ

0
10
Сурет: ulysmedia.kz
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Биыл Қазақстанның курорттық аймақтарында жаңа әуежай салынбақ.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеп отыр.

“Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежай салынадыҚазіргі таңда жер учаскесін рәсімдеу және жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, 2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.

Сонымен қатар Теміржол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ