Қазақстанның ұлттық құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді
XVII Жазғы Паралимпиаданың топтық кезеңіндегі алғашқы матчында волейболды отырып ойнаудан Қазақстанның ұлттық құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді.
Еске сала кетсек, Париж Паралимпиадаcына 8 команда қатысады және олар екі топқа бөлінген.
А тобында Қазақстан, Франция, Босния және Египет ойнайды. Ал «B» тобында Иран, Украина, Бразилия және Германия құрамалары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының келесі ойыны 31 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.