Қазақ-өзбек шекарасындағы екі өткізу пунктіне халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу пункті халықаралық мәртебеге ие болады. Бұл туралы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады. Олардың жұмыс режімін де өзгерту жоспарланып отыр
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасында 2006 жылдың 4 қыркүйегіндегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің хаттамасына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы әзірленді.
Бұл құжаттың жобасында «Целинный» және «Сырдария» өткізу пункттерінің жұмыс режімін күндізгі тәулік уақытынан тұтастай тәулік бойы режімге ауыстырып, өткізу пункттерінің мәртебесін «екі жақтан» (мемлекетаралықтан) «халықаралыққа» (көпжақтыға) өзгерту қарастырылып отыр, – делінген ақпаратта.
Бұл өзгеріс екі мемлекеттік шекаралық өңірлерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, тауар айналымын ұлғайтуға және Орталық Азиядағы туризм саласының дамуына ықпал етуге тиіс.