Азиада-2023: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға өтті

0
88

29 қыркүйекте Қытайда өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті. Aikyn.kz бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Біздің спортшылар мынадай нәтиже көрсетті:

Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәре сызығын кесті. Команда Қазақстан бойынша рекорд орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Ал қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ