Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Азияның алғашқы алтыны

фото: ашық дереккөз
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды.

Қазақстан құрамасы қоржынына Азия чемпионатының алғашқы алтын жүлдесі түсті, – деп хабарлайды Amsports.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды. Отандасымыз финалда қытайлық Ли Циангтан айласын асырды.

Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

Виктория Графеева боксқа 17 жасында келген. Оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан.

Сәйкес жаңалықтар

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай жаңа әлем рекордын орнатты

Еліме тарихи жүлде сыйлағаным үшін бақыттымын — Нариман Құрбанов

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында бірінші орын алды