Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті.
Астана қаласының былғары қолғап шебері Санжар Ташкенбай 48 кг дейінгі салмақтағы финалдық жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевпен тартысты кездесу өткізді. Өкінішке қарай, төрешілердің шешімі бойынша (1:4) Санжар жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
21 жастағы Санжар Ташкенбай осымен Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанып отыр. Ол бұған дейін, 2022 жылы Иорданияның Амман қаласында өткен чемпионатта алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.
