Азуыңды көрсет – Премьер-Министр сапасыз жолдарды қабылдамау жөнінде

0
67
Фото: Үкімет

– ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК басшысы Болатбек Айтбаев өңірлерде теріс қорытынды берілген жолдардың да пайдалануға берілгенін айтты.

«Проблемалардың бірі – жергілікті атқарушы органдар жол сапасына жасалған экспертизаға салғырт қарайды. Тіпті сапа орталығы теріс қорытынды берсе де, бөтен зертханалардың оң қорытындысымен жергілікті маңыздағы жолдар пайдалануға беріліп жатыр», – деді Б. Айтбаев Үкімет отырысында.

Премьер-Министр Олжас Бектенов мұның себебін сұрады.

«Не кедергі? Сіздердің ескертулеріңіз міндетті түрде орындалуы үшін, қорытынды берілмей, актілерге қол қойылмауы үшін қандай шешімдер қабылдау керек? Мердігерлерге миллиардтаған қаражат аударылды, ал сапа жоқ», – деді О. Бектенов.

Өз жауабында орталық басшысы барлық қажетті шара қабылданғанын, нормативтерге түзету енгізілгенін жеткізді. Бар болғаны облыстар норматив талаптарын қатаң сақтауы керек.

«Нормативтер бар. Өзіңіз бекітпейінше ешбір актіге қол қойылмауы керек. Ол үшін айбатты асырып, азу көрсету керек», – деді Премьер-Министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ