Әртістердің ұлттық аспаптары ұшақ бортына неге «сыймай» жүр

0
49
Фото: istockphoto.com

Әртістердің ұлттық аспаптары, музыкалық инструменттері ұшақ бортына «сыймай қалады» не жоғалып кетеді. Бұл мәселені шешу үшін не істеу керек?

Көлік министрі Марат Қарабаев пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоғалып жатқан жағдай қандай? Алдын ала аспабымен бірге ұшатынын айтса, жағдай басқаша. Ұшақта аспапты қолына ұстап отырмайды, ол қауіпсіздікке сәйкес келмейді. Үстіндегі қол жүгін қоятын жерге кей заттар сыймайды. Сондықтан билет алып жатқанда аспаптың параметрін айтуы тиіс. Сонда мәселе болмайды», – деді министр.

Министр әртістердің аспабын билет сатып аларда, көрсетуі міндетті екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтқан болатын. Ақын бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да домбырамен ұшаққа отырған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудырды. Оқиға туралы әуе компаниясы түсініктеме берді. Ережеге сәйкес, музыкалық аспапқа бөлек орын сатып алынатынын, алайда ақын тарапынан ол талаптың орындалмағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, музыкант Ерлан Көкеев Өскеменнен Алматыға ұшқан сапарында Air Astana ұшағында гитарасын жоғалтып, ақыры іздеп өзі тапқан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ