«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды

0
142
Фото: Halyq uni.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н. Жұмаділов пен бас маманы Г. Әбенов сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері мен астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдікке ілінген.

Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – делінген Антикордың хабарламасында.

Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ