Бұдан былай ғалымдарға бюрократиялық кедергі болмайды – Асхат Аймағамбетов

0
76
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

 – Парламентт Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік парақшасында Қазақстан ғалымдары көптен бері күткен оңтайлы жаңалықты айтты.

Ол жақында Заң шығару органындағы өзі төрағалық ететін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына берген түзетуді жұмыс тобы қабылдағанын, енді ғылыми зерттеулер жасау үшін қажетті тауарларды сатып алу үшін айлап, тіпті жылдан созылатын бюрократиялық кедергінің алынып тасталатынын атап өтті.

Оның айтуынша, мысалы, реактивтер мен жұмсалатын материалдарды сатып алу процесі айтарлықтай жеңілдетіледі. Бұл сатып алу рәсімдеріне енді бюрократиялық кедергі мүлде болмайды.

Қазір ғылымда мемлекеттік сатып алу ісі өте бюрократияланған. Зерттеулер үшін қажетті материалдарды алу үшін өтініш кафедра меңгерушісінен бастап декан, проректор және мемлекеттік сатып алушыға дейін көптеген инстанциялардан өтуі керек. Одан кейін тендер жарияланып, ол айларға, тіпті жылдарға созылады. Ал ғылым үшін әрбір күн маңызды болғандықтан, мұндай қиындықтар зерттеуді толықтай мағынасыз етеді.

Енді жаңа түзетулер ғалымдарға бюрократиялық кедергі жасамайды.

Бұдан былай сатып алулар Мемлекеттік сатып алу заңымен емес, уәкілетті министрліктің бекіткен арнайы ережесімен реттеледі. Бірақ, бұл мәселені шешкенде, біз сыбайлас жемқорлықты да алдын алумыз керек. Сондықтан ашықтық пен цифрландыру арқылы бұл талап орындалатын болады, – деді депутат.

Оның пікірінше, бұл өзгерістер, яғни бюрократиялық кедергіні алып ғалымдарға зерттеулерді жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Ғалымдар енді ресурстарды күтуге көп уақыт жоғалтпайды.

Енді әкімшілік кедергілер азайған кезде, ғалымдар тек ғана инновациялар мен ғылыми ізденістерге назар аударатын болады.

Осы мәселе бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірнеше рет тапсырма берген. Сонымен қатар Аmanat партиясы да өз сайлауалды уәделерінде осы мәселені шешу туралы айтқан болатын, – деді ол.

Мәжіліс депутаты сәрсенбіде Парламенттің жалпы отырысында Заң жобасы екінші оқылымда қаралатынын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз