Қызылордада кен орнында көз жұмған марқұмның отбасына моральдық шығын төленеді

0
46
Фото: «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

 – Қызылорда облысында кен орнында жұмыс уақытында қайтыс болған марқұмның әйелі компаниядан 6 млн теңге моральдық шығын өндіретін болды.

Марқұм жергілікті акционерлік қоғамның бірінде оператор қызметін атқарған. Қызылорда қаласының тұрғыны жұмыс уақытында кен орнында қайтыс болған.

Бұл мақсатта облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы тексеру жүргізді. Мамандар қорытындыға сәйкес, жазатайым оқиға еңбек міндеттерін орындау кезінде болған деген тұжырымға келді. Жұмыс берушінің кінәсі толықтай дәлелденді.

Қайтыс болған жұмысшының артында әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы қалған. Асыраушысынан айырылған әйел Қызылорда қалалық сотына жүгініп, моральдық зиян өндіруді сұраған.

«Сотта акционерлік қоғам марқұмның отбасына көмек беріліп, сақтандыру шартына сәйкес марқұмның әйелінің есепшотына ақша аударылғанын көрсетті. Сот отырысында барлық дәлелдеме зерделенді. Жұмыс берушінің кінәсінен отбасының жалғыз асыраушысы болған жұмысшының қаза тапқаны анықталған. Қызылорда қалалық соты әйелдің талап қоюын қанағаттандырып, акционерлік қоғамнан әйелдің пайдасына 6 млн теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық сотынан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ