Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні

0
76
Фото: ашықдереккөз
– Еліміздің барлық өңірінде білім беру ұйымдары өз есігін айқара ашты. Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.

87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі – «Қауіпсіздік сабағы» енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ