Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Фото: Tengrinews.kz

25 қыркүйекте Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Алайда Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Нұржан Байжігітов: «Негізгі мақсатым – ұлтымыздың мәдени мұрасын қазіргі нарықта ұлттық трендке айналдыру»

zamandas69@mail.ru

Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру тетігін енгізуді қарастыру керек – депутат

Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруде