Бүгін бокстан «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады

0
82
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, қалалық спорт басқармасы мен Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан ересектер арасында «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады.

Турнир 18 мамырға дейін өтеді. Оған Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан, Қытай мен Қазақстанның командалары қатысып, күш сынасады.

Бүгінде Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан ерлер командасы бұл жарысқа олимпиялық құраммен қатысады.

Турнирде ерлер 46-48, -51, -54, -57, -60, -63,5, -67, -71, -75, -80, -86 ,-92 және 92 келіден аса салмақта қолғап түйістіреді.

Әйелдер 45-48, -50, -52, -54, -57, -60, -63, -66, -70, -75, -81 және 81 келіден аса салмақта шаршы алаңға шығады.

Турнирде ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

Турнирдің ашылу салтанаты сағат 12:00-де Тұран даңғылы 4/2 мекенжайында орналасқан Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ