Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады

0
196

Бүгін сағат 10:00-ден бастап жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады.

Өтініштер 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де autonesie.kz ресми сайтында қабылданады. Қанатқақты платформаны алғаш іске қосқан кезде 761 үміткерге дейін тіркеле алады. Осы санға жеткенде, платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Платформаға Қазақстан аумағындағы азаматтар ғана тіркеле алады.
Өтініш қабылданғаннан кейін клиент автосалонға барып, сонда бар авто­мобильді таңдайды немесе алдағы 60 күнде келетін кө­лікті күтеді. Екі айдан ар­тық күтуге мүм­кін­дік жоқ, өйт­кені өтініш расталған сәт­тен бастап жеңіл­дік­пен көлік сатып алуға 60 күн ғана уақыт беріледі.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары:
– қаржыландыру сомасы – 10 миллион теңгеден аспау керек
– қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды
– бастапқы жарна – 0 пайыз
– 1 автокөліктің құны – 15 миллион теңгеден аспауы керек.Автонесие бағдарламасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз