Үш жылдық екіжақты келіссөздердің нәтижесі
Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Шанхайға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан ҚХР-ға экспортталатын ірі қара малдың терісіне инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.
Бұл хаттама үш жылдық екіжақты келіссөздердің нәтижесі, елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Құжат елдің экспорттық әлеуетін, отандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
Ірі қара терісі Қытайға экспорты осындай келісімдермен реттелетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11-ші түріне айналады. Бұған дейін мұздатылған сиыр еті, қой еті, шошқа еті, бал, балық, сүт өнімдері, жүн шикізаты, асыл тұқымды және сойылатын жылқылар, сондай-ақ сойылған ірі қара малды экспорттауға хаттамаларға қол қойылған болатын.
Жалпы, ҚР АШМ отандық агробизнес үшін экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл ретте қазақстандық өнімге жоғары сұраныс байқалатын Қытай нарығына ерекше назар аударылады.
Ағымдағы жылдың шілде айында союға тірі ірі қара малды экспорттауға қатысты осындай хаттамаға қол қойылды.
Құс шаруашылығы өнімдерінің, қосалқы өнімдердің, құрғақ бие сүтінің және басқа да тауарлардың экспортын кеңейту жоспарлануда.