Шетелден бір ғана адам ұрлаған 300 млн доллардан астам қаржы қайтарылады

0
136
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали 300 млн доллардан астам қаржы мемлекетке қайтарылатынын айтты.

«Сұхбат» бағдарламасында ол бұл қаражаттың бір ғана қылмыстық іс бойынша анықталғанын атап өткен. Айтуынша, бұған дейін мемлекеттік органдар бірлесе отырып, 850 млрд теңгені бюджетке қайтарған. Ол мектеп пен аурухана құрылысына жұмсалады.

Маусым айында активтерді қайтару туралы заң күшіне енді. Енді бұл бағыттағы іс-әрекет жандана түспек. Активтердің шығу тегі күмән тудырса, оны мемлекет кірісіне кіргізу туралы іс-шаралар қолға алынады. Ол жерде нақты процедурасы көрсетілген. Бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланды. Қазір біз белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз және бастаған істі тоқтатпаймыз, – деді Асхат Жұмағали.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ