Бұл күн ел тарихында ұлттық сананың ояну сәті ретінде мәңгілікке жазылды

0
9

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Республика күніне арналған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Сенатор өз сөзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі тарихи дерек қана емес, Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы және ұлттық сананың алтын діңгегі екенін атап өтті.

«Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айтар болсақ, жаңа дәуірдің басталған күні – 1990 жылғы 25 қазан еске түседі. Бұл күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады – бұл шынайы мемлекеттілікті қалпына келтірудің алғашқы және шешуші қадамы. Бұл күн ел тарихында ұлттық сананың ояну сәті ретінде мәңгілікке жазылды», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор Қазақстан қысқа уақыт ішінде одақтас республикадан тәуелсіз мемлекетке дейін өзінің валютасымен, әскерімен, дипломатиялық қызметімен және құқықтық жүйесімен жүріп өткенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан көпвекторлық бағытты таңдады. Бұл шығыс пен батыс арасындағы көпір бола отырып, көршілермен және халықаралық әріптестермен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Бірақ тәуелсіздік – бұл сыртқы саясат қана емес, бұл мемлекеттің тұрақтылықты, әділдікті және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету қабілеті», – деп атап өтті сенатор.

Депутат 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларға жеке тоқталып, оны ел үшін маңызды сабақ деп атады.

«Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бұл сынақ жаңаруға серпін берді, сол жылы ауқымды реформалар жүргізіліп, 2022 жылдың 5 маусымындағы референдуммен аяқталды. Конституцияға енгізілген түзетулер Парламенттің рөлін күшейтті, азаматтардың құқықтарын кеңейтті және билік халыққа қызмет ететін жауапты демократия қағидаттарын бекітті», – деді Нұртөре Жүсіп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ