Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеНовости

Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең болып табылады

Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды.

Донорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде, 1,5 сағаттан аспайтын уақытта жеткізілді. Реципиент – 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген.

Донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық әрі этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілді. Күрделі ота Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаевтың жетекшілігімен және Тараз қаласындағы әріптестердің, UMC командасының, сондай-ақ тартылған барлық қызметтердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті аяқталды

Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең болып табылады. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Жүрек орталығының білікті дәрігерлер командасы екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан лидирует среди стран СНГ по выполнению международных стандартов кибербезопасности

zamandas69@mail.ru

Делегация Нацбанка во главе с Председателем Тимуром Сулейменовым в рамках участия в Весенних встречах Международного валютного фонда и Группы Всемирного Банка провела круглый стол с представителями торговой палаты США (US Chamber of Commerce).

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей