Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиҚоғам

«Kokshe» телеарнасының шеф-редaкторы БАҚ саласындағы Президент грантының иегері атанды

«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының шеф-редакторы Зарина Бекқали бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің грантына ие болды.

Бұл марапат өңірлік тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.

Зарина Бекқали Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика және репортер ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2021 жылдан бері «Kokshe» телеарнасында қызмет етеді. Қысқа уақыт ішінде кәсіби біліктілігімен және шығармашылық қабілетімен көзге түсті.

Ол — Ақмола облысы әкімінің «Арқа төрі – Ақмола» премиясының «Үздік репортаж» аталымы бойынша жеңімпазы әрі «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрағасының Құрмет грамотасының иегері.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан задает цифровую повестку: Саудовская Аравия объявила Год искусственного интеллекта  

Ержан Жиенбаев: «Қазақстанның Халық Кеңесі продолжит выполнение стратегических функций Ассамблеи народа Казахстана и Национального курултая»

Казахстан представил в Баку модель человекоцентричного городского развития

zamandas69@mail.ru