Бұл жоба — мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған инклюзивті эко-жылыжай

0
14

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік гранты аясында Қостанай қаласының тұрғыны Ольга Соловьёва «Растём вместе» атты бірегей білім беру жобасын жузеге асыруда.

Бұл жоба — мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған инклюзивті эко-жылыжай. Мұнда балалар көкөністер мен гүлдерді өсіруді үйреніп, табиғи кезеңдерді бақылайды. Осылайша қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, оны қорғау секілді көзқарас қалыптастырады.

Жоба тек бау-бақша шаруашылығын үйретіп қана қоймай, сондай-ақ эмоциялық интеллектіні, экологиялық сананы, жауапкершілік пен топтық жұмысты дамытуға бағытталған.

Ольга Соловьева – «Волонтерлік» бағыты бойынша 2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздарының бірі. Мемлекеттік қолдау мөлшері 3 млн теңгені құрады. Қазір жобаның авторы өз идеясын іске асырудың бастапқы кезеңінде.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалып келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз