БҚО-да қанша ақбөкен атылды: облыс әкімі киік етін жеп көрген бе?

0
113
көрнекі фото: zhaikpress.kz

Нариман Төреғалиев киік етін соңғы рет қашан жегетінін айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев соңғы рет киік етін қашан жегенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мен киік етін жеп көрмедім. Алайда бала кезім есімде, яғни Кеңес үкіметі кезінде жеп көрдік. Бригадада жұмыс істедік, 9-сыныпта еңбек еттік.

Сол кезде асханада бізге арнайы киік етін берді. Бала кезімде соны жеп көрдім. Қазір ауланған киік етін жеп көрген жоқпын. Өтірік айтпайын, – деді Нариман Төреғалиев.

2023 жылғы 13 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда жалпы саны 15 380 киік ауланған. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысы – 10 киік, Батыс Қазақстан облысы – 3 944) арнайы қоршауға алынып ұсталса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1 833, Қарағанды облысында 2049, Қостанай облысында 1 479 және Батыс Қазақстан облысында 6065 бас) ауланды.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі киік еті тек Қазақстанда сатылатынын айтты. Сондай-ақ оның мүйізін Қытайға сату жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Дәурен Ерболат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ