БАДАМ-195 ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЗАН АЙЫНДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

0
316

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі – қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді.
Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады.
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2020 жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Алталмыш құрылыс жұмысын «КОМБИ-СТРОЙ-1» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, бүгінде құрылыс жұмыстары 100 % аяқталып отыр.
Қазіргі таңда атқарылған жұмыс бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі түзіліп жатыр. Құжаттар қыркүйек айының соңында толығымен аяқталып, нәтижесінде Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамдағы 4140 тұрғын қазан айынан бастап табиғи газбен қамтылатын болады.
Айта кетейік, 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ