Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетӨнер

Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің 45 жылдығына арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің – ЮНЕСКО-ның тұңғыш клубының 45 жылдығына арналған көрме ашылды.

Көрмеге «Менің шығармашылық бұрышым» сурет байқауына қатысқан авторлар мен мектеп оқушыларының жұмыстары қойылды. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен түрлі жастағы 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасынан 44 қатысушы өз аталымдары бойынша I, II және III орындарды иеленді.

45 жыл ішінде мектеп талай дарынды балалардың өнерге жолын ашқан іргелі білім ордасына айналды. Мектептің түлектері бүгінде Қазақстанның ғана емес, Ұлыбритания, Қытай, Канада, АҚШ, Жапония, Ресей, Чехия және басқа да елдердің өнер колледждері мен жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып жүр.

Сәйкес жаңалықтар

Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаңартылып, жаңадан құрылады – қала әкімі

Сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы тиіс

Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды