Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Қатардағы Қазақстанның мәдениет күндері: елдің бай мұрасы мен ұлттық құндылықтар таныстырылуда

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр. Дарб Аль-Саги мәдени-тарихи орталығында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары ұлттық нақыштағы дизайнерлік бұйымдарды, көрмелер, дәстүрлі спорт түрлерін, құсбегілік өнер мен қазақтың тазы иттерін тамашалап, ел мәдениетімен жақын танысты.

Аталмыш күндер аясында «Mezzo» вокалдық тобының концерті өтті. Ұжым әлемдік классика мен ұлттық әуендерді ұштастырып, заманауи көзқараспен орындайды. Бұл кештен көрермен ерекше әсер алып,  отандық орындаушылардың кәсіби шеберлігіне тәнті болды.

Сәйкес жаңалықтар

«Жаңа конституция – жарқын болашақ бастауы»: облыс әкімі аймақ жастарымен кездесті

zamandas69@mail.ru

Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды