Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Шымкентте экстремизмді насихаттаған адам сотталды

.фото:gov.kz

Қылмыскер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлады ҰҚК.

Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

 

Сәйкес жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымды іс-шаралар өтті

Мас жолаушы Ақтау-Баку рейсінен түсірілді

ПИК-тен МИБ-ке дейінгі белес