Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Сырдария өзені арнасынан асты: Қызылорда облысында жол жабылды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда тиіс жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауға алынды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұл күндері облысқа Сырдария өзені арқылы секундына 778 текше метр су ағып келіп жатыр.

21 ақпан мен 4 наурыз аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде өзеннің Жаңақорған, Шиелі аудандары, Қызылорда қаласы, сондай-ақ, солтүстік аудандары – Сырдария және Жалағаш учаскелерінде мұз арқылы қозғалу қауіпсіз етілді. Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылы маңындағы қауіпті учаскеде өзен арнасынан асып кетті. Осыған байланысты аудандық маңызы бар Жалағаш-Жосалы (Жосалы ауылынан 43 шақырым, Жалағаш ауылынан 31 шақырым, Далдабай мен Қызылтам елді мекендері арасындағы) жолы уақытша жабылды, – деді әкімдік өкілдері.

Бұл жол екі елді мекенді – Далдабай мен Қызылтамды байланыстырады. Бұл ретте оларға аудан орталықтары – Жосалы, Жалағаш ауылдарынан апаратын ішкі жолдар бар.«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тасжолы ашық және қалыпты жұмыс істейді.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

«Ертең бәрімізге сөз келеді». Ермұрат Бапи заңды түсінікті тілде жазуды сұрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі