Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Мысырда пойыз апатынан 2 адам қайтыс болды

Мысырда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, теміржол станциясына соғылған.

Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, 23-і жарақат алды. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар зардап шеккен жолаушыларды вагон ішінен алып шығып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала нұсқа бойынша машинист жылдамдықты асырып жібергенге ұқсайды.

Мысыр прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды

Қоғамдық талқылаудың маңызы ерекше-Ермахан Ибраимов

zamandas69@mail.ru

Жамбыл облысында алғаш рет республикалық «Жас сақшы» форумы өтті