Батыр Жүкембаев әлемнің экс-чемпионымен айқас алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді

0
211
Фото: sports.kz

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында негізгі жекпе-жегі қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) пен француз Мохамед Мимун (23-5, 4 КО) арасында өтетін бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті. Kazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жекпе-жек алдында екі боксшының да салмағы бірінші жартылай орта салмақ шектеуі – 63,5 келі/140 фунтты көрсетті. Алдағы айқас тоғыз раундқа жоспарланған.

Батыр Жүкембаев өзінің кейінгі жекпе-жегін қыркүйекте аргентиналық боксшы Уго Рольданаға (22-2-1, 7 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің аралас шешімімен жеңіске жеткен. Сондай-ақ бірінші орташа дивизиондағы WBA Continental North Americas аймақтық титулын иеленді.

Мохамед Мимунға келер болсақ, ол шілдеде америкалық Стивен Галеаноны (12-1, 9 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын. Бұрын француздық боксшы бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы болғанын айта кетейік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ