Бейбіт Шүменовке АҚШ-та іздеу салынды

0
257

Ішкі істер министрі Марат Ахметажанов боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін деген болжам айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің аутынша, тергеу әлі жалғасып жатыр, сонымен қатар спортшыға іздеу жарияланғанын айтты.

Сондай-ақ журналистер Бейбіт Шүменовтың әйелінде Америка азаматтығы бар екенін алға тартты.

Айта кетейік, бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке Астанадағы сауда орталығында болған оқиғадан кейін іздеу салынды.

Оқиға 2023 жылдың 18 маусымында болды. Баласын көтеріп тұрған ер адамды ұрып-соққан боксшыға бұзақылық жасады деген айып тағылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ