Білім сапасын ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру

0
135

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да педагогикалық ғылымдар білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті. Аталған іс-шараға еліміздегі педагогикалық бағытта кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары мен білім беру саласының мүдделі тараптары қатысты. Кеңесте «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында әзірленген 30 педагогикалық білім беру бағдарламасын масштабтау, инклюзивті білім беру моделі, педагогтердің білімін бағалау, педагогтерді қайта даярлау және т.б. өзектімәселелер талқыланды.

ОҚПУ болашақ педагогтарды ұлттық код контексінде даярлауды білім берудің басты бағыты ретінде жүзеге асырып келеді. Білім берудің міндеті – қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі мен менталитетіне негізделген білім сапасын ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру. Сондай-ақ студенттердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын ұлттық негізде қалыптастыру да маңызды бағыттардың бірі.

ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова, Комитеттің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасының басшысы Рысгүл Кудретуллаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева педагогикалық білім беруді дамыту басымдықтары мен мәселелерін тұжырымдап, болашақ бағыттар бойынша ұсыныстар талқылады.

Сонымен қатар педагогикалық бағыттағы 30 жаңа инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттық енгізудің нәтижелері қарастырылды. Бұдан бөлек, білім синергиясы, педагогтердің білімін бағалау бойынша талдаулар мен қорытындылар жасалып, инклюзивті білім берудің жаңа моделі ұсынылды. «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы да таныстырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ