«Блокчейн мектебі» жаңа білім беру жобасы іске қосылды

0
212
Фото: Қазақстан блокчейн қауымдастығы

Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дерек-орталықтар қауымдастығы өзінің «ҚБТҚ Блокчейн мектебі» атты жаңа білім беру жобасының іске қосылғанын хабарлады.

Жоба криптовалюталар мен блокчейн саласындағы білімін тереңдетуге, сондай-ақ саланың жетекші сарапшыларынан сапалы білім алуға ұмтылатындардың бәріне тегін оқыту мүмкіндігін ұсынады.

Қауымдастықтың қолдауымен өткізілетін бұл бастама – блокчейн саласындағы мүдделі тұлғалардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша пәрменді шаралардың бірі, – деп атап өтті ҚБТҚ төрағасы Дәурен Қарашев.

ҚБТҚ мүшесі «CaspianEx Academy» тегін курсы «ҚБТҚ Блокчейн мектебі» базасында өткізілетін алғашқы курс болады. Тиісті лицензиясы бар білікті сарапшылар қатысатын бұл курс цифрлық активтердің (криптоактивтердің) базалық техникалық талдауын үйретуге бағдарланған.

Біздің компаниямыздың халықтың қаржылық сауаттылығын және криптовалюталармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы кең аудиторияның хабардар болуын арттыру мақсатында әлеуетті трейдерлер мен инвесторлар үшін осындай курстарды өткізу тәжірибесі бар, – деп хабарлады CaspianEx криптобиржасының бас директоры Мақсат Салпын.

«ҚБТҚ Блокчейн мектебіндегі» оқытудың артықшылықтары CaspianEx практиктерінің қатысуымен онлайн-форматта криптовалюталар әлеміне терең бойлауды, криптоактивтерге инвестициялаудың практикалық дағдыларын игеруді, CaspianEx сарапшылары мен басқа да танылған мамандардың құнды инсайттарын, сондай-ақ CaspianEx Academy қатысушы сертификатын беруді қамтиды.

Курс 2024 жылдың 5 наурызында басталады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ