Браконьерге тосқауыл болмай тұр

0
198

Атырау облысында браконьерлікті кәсіп етіп, Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтарға аш қасқырдай тиетіндер азаймай тұр. Неге? Мұның бір ғана себебі бар. Бұл – бекіре қара уылдырығының қара базардағы нарқының қымбаттығы. Сол себептен браконьерлер жылдың төрт мезгілінде де теңіз төрінен бағалы балықты заңсыз аулауды доғарар емес.

Балық шаруашылығы ко­ми­теті төрағасының орын­ба­са­­ры Аян Бахиянов­тың­ айтуын­­­ша, жыл сайын­ Аты­рау,­ Маңғыстау және Батыс Қазақ­­стан облыстарында «Бекіре»­ кең ауқымды балық қор­ғау­ акциясы өткізіледі. Бұл­ акция 1 сәуірден 31 мамыр­ға дейін жалғасады.

– Акция кезінде таби­ғат­ және құқық қорғау орган­да­рының қызметкерлері бір­ ғана мақсатты көздейді. Бұл – балықтардың, оның ішін­де­­ бекіре тұқымдас балық­тар­­­дың уылдырық шашатын ­ау­мақ­­қа қоныс аударуын қам­та­ма­­сыз ету. Осы мақсат үшін­ заңсыз аулау­ мен айналы­мы­на­­ қарсы іс-қимыл бойынша күш біріктіреді. Балық қор­ғау іс-шараларының тиім­ді­­л­ігі болғаны жөн. Сол се­беп­­тен Экология және та­би­ғи ресурстар және Ішкі іс­тер министрлері, Ұлттық қа­уіпсіздік комитетінің төр­ағасы «Бекіре» балық қор­ғау­ акциясын өткізу туралы­ бір­лес­кен бұйрыққа қол қояды. Осы­ бұйрықпен балық қор­ғау акциясын өткізу кезін­де­ құқық және табиғат қор­ғау­ органдарының өзара іс-қимылын үйлестіру шта­­бының құрамы мен бір­лес­кен­ жоспары бекітіледі. Үй­лес­ті­ру штабына басшылық жа­сау балық шаруашылығы ко­ми­те­­тіне жүктелді, – дейді Аян Ба­хия­нов.

Комитет өкілінің айтуына қара­­ғанда, су айдындарының бра­коньерлік дерегі жиі бай­қалатын аумақтарында жыл­жымалы бекеттер мен мо­бильді рейдтік топта­р ұйым­дас­тырылады. Осы орайда не­гізгі күш пен құралдарды Кас­пий теңізінің жағалауы мен­ акваториясында, Атырау облы­сындағы Жайық пен Қиғаш­ өзендерінің сағалық кеңіс­тігінде шоғырландыру көз­делген. Акция кезінде әуе­­жайларда, вокзалдар мен­­­ автотрассаларда ба­лық­­­­ өнімдерін заңсыз та­сы­­­­­­мал­дау­ға бақылау кү­шей­ті­­леді.

– Мемлекет басшысының Кас­пий теңізіндегі бра­­­ко­ньер­­­лікке қарсы күресті кү­шей­ту жөнінде тапсырмасы­ бар. Осы тапсырманы­ орын­дау­­ мақсатында биыл­ғы­ 1 нау­­­рызда Экология және­ та­­биғи ресурстар ми­нистр­­­лігі мен Ішкі істер ми­нис­­трлігі Жайық-Каспий бас­­сейні акваториясында браконьерлікке қарсы 2023-2024 жылдарға арналған бір­лескен іс-шаралар жос­па­рын бекітті. Осы кезге дейін бұл жоспар шеңберінде Жайық-Каспий бассейнінің су­ айдындарында табиғат қор­ғау заңнамасын бұзудың 129 дерегі анықталды. Заң­ бұзушыларға қарсы 2 қыл­мыс­тық іс қозғалып, 2 млн тең­геден астам айыппұл са­лын­­ды. Заңсыз айналымнан 500­ килодан асатын балық, оның­ ішінде 184 кило бекіре тәр­кіленді. Браконьерлерден ба­­лық аулауға тыйым са­лын­ған­ 186 құрал алынды, – деп мә­лім етті Аян Бахиянов.

Төраға орынбасарының ай­­туынша, биыл батыстағы үш­ облыстың аумағында та­би­ғат қорғау іс-шараларына құ­қық және табиғат қорғау ор­ган­дарының 1 203 қызмет­ке­рі тартылады. Оның ішінде 822 қызметкер Атырау облы­сын­да қызмет атқарады. Ола­р 66 қайық және шағын жүзу­ құралдарымен, 145 авто­­көлікпен қамтамасыз еті­­леді. Жайық өзенінің жа­ға­лауында балық аулау заң­на­масын бұзушылықты тір­кейтін 17 бейнекамера жұ­мыс істейді. Ал шекара қыз­меті жағалауларда үш радио­ло­кациялық стансаны іске қо­сады.

Жыл сайын балық қорғау ак­­циясының нәтижесіне тал­дау жүргізіледі. Өткен жыл­дар­дағы талдау нәтижесі көк­темгі науқан кезінде бра­ко­ньерлік топтардың қызметі жа­н­дана түсетінін көрсеткен. Мә­селен, 2021 жылы Атырау об­лысының аумағында 952 за­ң бұзушылық анықталған. Ал былтыр 820 заң бұзу­шы­лық­ тіркелген.

Каспий теңізінен балық ау­л­ау оңай іс емес. Тіпті қара ба­зар­да бел кеспесі де, қара уыл­дырығы да қымбатқа баға­ланатын бекіре тұқымдас баға­лы балықтарды аулауға ты­йым салынған. Соған қара­мас­тан, браконьерлердің заң­сыз әрекетіне қатысты дерек­ өте көп. Облыстық поли­ция департаментінің баспа­сөз­ қызметі мәлім еткендей, был­тыр­ғы қарашада мұнайлы ша­һарда бекірені заңсыз сақ­та­ған үш күдікті ұсталды. Кү­діктілердің біріне тиесілі көлік гаражын тінту кезінде сал­мағы 101 кило қара балық пен­ 20 кило бекіре тұқымдас балық түрлері, есірткіге ұқ­сас­ заттар табылған. Тағы бірі­нің гаражынан бес моторлы қайық пен тіркеуге алын­ба­ған 16 калибрлі екі ұңғылы мыл­тық тәркіленді.

Ал желтоқсанда Атырау қала­­сында 49 жастағы тұр­ғын­ның бекіре тұқымдас ба­лық­тарды заңсыз сатып жүр­­гені анықталды. Осы де­­рекке байланысты полиция­ қыз­меткерлері бағалы ба­лық­ты заңсыз саудалаған кү­дік­тінің тұрғылықты мекен­жа­йына тінту жүргізді. Поли­цей­лер­ оның тұрағынан жалпы­ салмағы 90,6 килоны құ­рай­­­тын бекіре тұқымдас 26 ба­лық­ тауып алды.

Бекіренің заңсыз а­й­­на­­­­­лы­мына қарсы кү­рес­­­­ті үйлестіретін Аты­­рау облысының маман­дан­­­дырылған табиғат қор­ғау­ прокуратурасының ақ­­па­­ратына сүйенсек, 2019 жылы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­намалық актілеріне агро­өнер­кәсіптік кешенді рет­теу­­ мәселелері бойынша өзге­ріс­тер­ мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заңда браконьерлік үшін жаза күшейтілді. Содан бері балықтарды, әсіресе бе­кіре тұқымдас бағалы түр­ле­рін заңсыз қолға түсіру, ием­дену, тасымалдау, сақтау және өткізу қылмыстары үшін­ 93 адам сотталып, оның­ ішінде 26 адамға бас­ бостандығынан айыру­ жа­за­­сы тағайындалған. Бра­­­ко­ньер­­лердің заңсыз іс-әре­ке­­ті­нен мемлекетке 1,2 млрд тең­ге залал келтірілген.

Табиғатқа келтірілген за­лал тек бекіре тұқымдас ба­лық­тары мен оның дери­ват­­­тарын аулағандарға ғана емес, су байлығын заңсыз ием­денген, сақтаған және тасы­малдағандардан да талап­­ етіледі. Мәселен, Ш. деген азаматқа бекіре тұқым­дас­ балықтарын заңсыз ием­денгені, сақтағаны үші­н 3 жыл мерзімге бас бос­тан­ды­ғынан айыру, мемлекетке кел­тірілген залал ретінде 130 млн­ теңгені өндіру жазасы бе­ріл­ген.

Ал жақында Құрманғазы ау­да­ндық полиция бөлімінің қыз­­меткерлері «ГАЗель» авто­көлігін тоқтатып, тексеру­ жүр­гізді. Көліктің рулінде 1980 жылғы жүргізуші бол­ған. Жүргізушінің осы ау­дан­­ның тұрғыны екені де анық­­тал­ды. Ал оның көлігін тексе­ру­ кезінде жалпы салмағы 417 кило бекіре тұқымдас ба­­лық тәркіленген.

Әрине, бекіре тұқымдас ба­ғалы су маржанын аулап, та­биғат байлығына суық қо­лын сұққандар сотталып,­ ірі­ көлемде айыппұл төлеп жа­тыр. Бірақ осының өзі бе­кі­ре­н­і баудай түсіріп, «барымта­лай­тын» браконьерлерге са­бақ болмай тұр. Сонда бра­­коньерлерге қашан бұғау бо­лады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ