ҰБТ-дағы биылғы заңсыздықтар: қаламсап ішіндегі шпаргалка, киім астарына жасырылған смартфон

0
168

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ тапсырушыларға үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы – 2 522, 2021 жылы – 756, 2022 жылы – 327 тыйым салынған зат анықталды. Яғни, көрсеткіш 400 есе азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз білімдеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, ол «шпаргалка» пайдаланушылар саны азайғанымен, мүлдем жойылып кетпегенін айтады.

«Биылғы ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша анықталған ең креативті «тәсілдерді» осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлердің, өкінішіне қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдауы мүмкін болмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды. Тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады. Естеріңізде болса, былтыр постмониторинг қорытындысы бойынша 200-ден астам адамның тест нәтижесін жойдық. Оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады.

Биылғы ҰБТ-ның аяқталуына 2 апта қалды. Талапкерлерді академиялық адалдық принциптерін сақтауға шақырамын. Жетістікке жетудің басты шарты білімді болу екенін ұмытпаңыздар», – деді Руслан Емелбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ