Өзіңді төмен бағалау: мұндай кезде не істеу керек?

0
207

Өкінішке қарай, өз-өзін төмен бағалау  күрделі тұлғалық қасиеттердің бірі. Бұл әдет бойыңызда болуы мүмкін, алайда оны сезбейсізЕндеше, осы әдеттен зардап шегетініңізді көрсететін 7 мінез-құлыққа тоқталайық.

  1. Шектен тыс сынау

Егер сіз үнемі қате шешімдер қабылдаймын немесе дұрыс емес нәрсе жасап қоямын деп ойлап жүретін болсаңыз, бұл өзіңізді және өзіңіз жасаған дүниелерді төмен бағалағандықтан болуы мүмкін.

  1. Өзіңізді кінәлауға асығып тұрасыз

Бірдеңе дұрыс болмай қалса, көбіне бұл менің кесірімнен болды деп сенесіз. Тіпті, олай болмаса да, бәріне өзіңізді кінәлайсыз. Мұндай ой қалыптасуына ортаңыз әсер етуі мүмкін.

  1. Өміріңіз бақылаудан тыс қалғандай көрінеді

Төмен өзін-өзі бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – өзіңіз бен өміріңіздің байланысы аз екенін сезіну. Өміріңізде бәрі бақылауыңыздан тыс қалған сияқты болады. Өйткені өзгеріске дайын емессіз, оған өзіңізді лайық санамайсыз. Осылайша өміріңіздің бағытын өзгерту қолыңыздан келетініне аса сенбейсіз.

  1. «Кешіріңіз» деп жиі айтасыз

Өзін-өзі төмен бағалайтын адамдар өзіне деген сенімділіктен гөрі көбіне өзін кінәлауға жол береді. Ал бұл қажет емес жерде кешірім сұрауға әкеледі. Егер сіз өзіңізді ұсақ-түйек, қарапайым әрекеттерге кінәлі сезінсеңіз, бұл «көп қиындық тудырып жатырмын» деген ойдан шығады.

  1. Өзіңізді жақсыға лайықсыз сезінесіз

Жағымсыз нәрселер болса, оған лайықты екеніңізді сезінесіз. Бірақ жақсы дүние болған кезде, керісінше. Олай болмауы керек сияқты көрінеді. Өзіңізді сүйіспеншілікке, назар аударуға немесе мейірімділікке лайық деп санамайсыз.

  1. Өз-өзіңе деген сенімсіздік

Белгілі бір дәрежеде өз-өзіңе күмәндану, шешім қабылдар алдында өзіңе сұрақ қою – кез келген адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ бұл сенімсіздік сезімі сіздің ойыңыз бен шешімдеріңізде үстемдік ететінін байқасаңыз, сіз өзіңізді төмен бағалаудан зардап шегіп жүрсіз деген сөз.

  1. Қажет нәрсені сұрауға қиналасыз

Егер жақсы нәрселерге лайық екеніңізге сенбесеңіз, жаман дүниемен күресе алатыныңызға да сенбейсіз. Өзін-өзі төмен бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – қажет нәрсені сұрай алмау немесе өз мүддесін қорғай алмау.

                Қалай күресуге болады?

Өзін-өзі төмен бағалау – күрделі мәселе. Оны жеңу үшін бірнеше қадам жасауға болады.

Алдымен өзіңізге жанашырлық танытыңыз: өзіңізге қатал болудың орнына, өзіңізге мейірімді болуға тырысыңыз. Өзіңізді жақын досыңыздай көріңіз. Кемшіліктеріңізді қабылдаңыз және өзіңізді айыптамауға тырысыңыз.

Жағымсыз ойларыңызға қарсы тұрыңыз: өзіңіз туралы жағымсыз ойларыңыз болса, оларға қарсы әрекет етіңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз.

Комплимент қабылдауды үйреніңіз: егер біреу сізге мақтау айтса, оны шындық деп қабылдаңыз. Комплименттің шындыққа жатпайтынының барлық себебін қарастырудың орнына, оны қабылдап, мақтау айтқан адамға алғыс білдіріңіз.

Жаныңыз қалайтын дүниені жасаңыз: мысалы, дене жаттығуларын жасаңыз, отбасыңызбен немесе достарыңызбен уақыт өткізіңіз, жақсы кітап оқыңыз немесе музыка тыңдаңыз.

Өз-өзіңізді төмен бағалау өміріңізге елеулі әсер етсе, кәсіби көмекке жүгіну маңызды. Осы орайда, терапевт немесе кеңесші бұл мәселемен жұмыс істеуге көмектесе алады.

Дереккөз: GQ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз