Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Спортшыларға қандай ас мәзірі ұсынылады
– Дүниежүзілік көшпенділер ойынының басталуына аз уақыт қалды. Бүгінде ұйымдастырушылар спортшыларды күтіп алудан бастап шығарып салуға дейінгі әзірлікті мықтап қолға алған. Бізді қызықтырғаны: спортшылар қандай тамақ жейді екен?
Бұл сауалды ұйымдастырушыларға қойған едік. Олар спортшылар аялдайтын қонақ үйлерде 3 мезгіл тамақтандырылатынын жеткізді. Айта кетейік, спортшыларға 20 қонақ үй қарастырылған.
«Спортшылар астың құнарлылығына ерекше мән беретіні белгілі. Бір күндік астың қуаттылығы 4 мың килокалориядан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, меймандарға 5 түрлі ас мәзірі ұсынылып отыр. Олардың қатарында қазақ, шығыс, еуропалық, Жерорта теңізі және вегетариандарға арналған арнайы ас мәзірі бар. Ботқа жегісі келетіндер де болып қалады-ау деген оймен дәнді дақылдарды суда қайнатып жасалатын тағамдарды да назарда ұстап отырмыз», – дейді V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы тамақтандыру және орналастыру бөлімінің басшысы Ләззат Батырбекова.
Айтпақшы, әр дастарханда қазақтың ұлттық тағамдары болатынын атап өткен жөн. Осылайша, шетелдік спортшыларға қазақтың ұлттық ас мәзірі дәріптелмек.
Волонтерлер мен төрешілерді тамақтандыру да назардан тыс қалмақ емес.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін шетелдік спортшылар тұлпарларын астанаға қалай әкелетінін зерттеп көрген едік.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658