Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Димаш өнер көрсетеді

фото:Әлеуметтік желідегі парақшасынан
Күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші С.Айтбаева барша оқырмандарын ойындар соңында болатын концертке шақырды.

“Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйыртса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар…

“Келеді барлық әлем Астанаға,

Қонады Астанаға барша құстар!” деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!”, –  деп жазды Димаш Құдайбергеннің анасы С.Айтбаева.

Сәйкес жаңалықтар

Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады

Биыл 9 мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды

Түзелмейтін жемқорларды ыстық темірмен мемлекеттік аппараттан жұлып алу керек – Антикор басшысы