Дархан Сатыбалды: метро уақытында және сапалы салынуы тиіс

0
19

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды метрополитен жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Жұмыс сапары кезінде «Қалқаман» стансасынан «Барлық» базары ауданына дейін метроның бірінші желісінің үшінші кезегін дамыту, сондай-ақ «Қалқаман» стансасының өзінің құрылысын салу жоспарлары туралы айтылды.

Жаңа желінің ұзынлығы бес шақырымнан астам және үш станцияны қамтиды,олар Наурызбай ауданы әкімдігінің жанында, Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында, сондай-ақ «Барлық»базарының жанында. Мұнда қалааралық автовокзал, метро, жеңіл рельсті көоік және автотұрақты біріктіретін ірі көлік торабын құру қарастырылған.

«Қалқаман» стансасының құрылысына ерекше назар аударылды. Оның қызметтерін күн сайын жүз мыңнан астам жолаушы пайдаланады деп күтілуде. Нысанда негізгі жер жұмыстары аяқталды, тоннельдердің біріне ұңғыма жасалды, инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Стансада монолитті жұмыстардың төрттен үші орындалды. Нысан құрамында платформалық учаске, екі вестибюль, үш кіреберіс, техникалық блок және төмендететін қосалқы станса қарастырылған.

Құрылыстың бас мердігері «BCN Group» нормативтік мерзімдерді қысқарту арқылы жұмысты жоспардан ерте аяқтауды көздеп отыр. Қараша айында бетон жұмыстары толық жүзеге асырылып, инженерлік және әрлеу кезеңі басталады. Сонымен қатар, стансаны уақтылы пайдалануға беру үшін жабдықтар мен материалдар жиынтығы жасалуда.

Жоба бойынша жалпы ұзындығы үш шақырымнан асатын екі өткізу тоннелінің құрылысы қарастырылған. Бір тоннель толығымен салынды, мұнда пойыздардың тыныш және жайлы қозғалысын қамтамасыз ететін заманауи технологияны қолдана отырып, рельстерді төсеу басталды. Екінші тоннель құрылысы өткізу кезеңінде, құрылыс келесі жылдың басында аяқталады деп жоспарлануда.

«Жаңа стансалар мен көлік тораптарын салу – бұл тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігінің инвестициясы. Біз жұмысты мерзімінде және жоғары сапада аяқтауымыз керек», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ