Денсаулық сақтау министрлігі онконауқастар дәрі-дәрмекпен қамтылатынын мәлімдеді

0
104
www.istockphoto.com
Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету – Денсаулық сақтау министрлігінің басты міндеті. Бұл туралы ДСМ мәлімдеді.
Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақытылы беру тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.

Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ