Депутат көпбалалы аналардың тісін тегін емдеп беруді ұсынды

0
301
фото: dpthemes.com

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы аналардың тісін тегін емдеп беруді ұсынып, премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады,

Оның айтуынша, экономиканы дамытатын басты қайнар көз – адам.

Сол адамды дүниеге әкелетін – әйелдер. Мемлекет оларға қамқорлық жасап, олардың жан-дүниесін аялап, денсаулығына баса мән беруіне міндетті. Елімізде әйел босанғаннан кейін денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қарастырылған? Бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері – 1-3 балаға 140 мың теңге, төрт және одан көп балаға 232 мың теңге қарастырылған. Шындықты айтсақ, бұл – әйелге емес, баланың күтіміне берілетін сома, – деді Ерлан Сайыров.

Депутат шетелде бала күтіміне берілетін сома бұдан жоғары екенін атап өтті. Мысалы, Ресейде ана капиталының сомасы бірінші балаға 639 мың рубль (3 млн 195 мың теңге), екінші балаға 883 мың рубль (7 млн теңге) беріледі.

Сондықтан Қазақстанға да лайықты, әділетті ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті. Бұл – кезек күттірмейтін мәселе. Елімізде ұзақ мерзімді демографияны дамыту стратегиясының басты аспектісі – лайықты ана капиталын қалыптасыру. Ана бала көтергенде, құрсақта баланың қалыптасуына кальциді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны – медициналық факт. 543 мың көпбалалы әйелдің барлығының басында бар зор проблема – тістің түсуі, – деді ол.

Осы орайда Ерлан Сайыров көпбалалы аналардың тісін тегін емдеп беруді ұсынды.

«Қазақстандағы стомотология бағасының күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз! Сондықтан бірінші кезекте көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бірреттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет. Бала тапқан әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіріп, ұстап отырудың мемлекеттік стандарттары керек», – деді депутат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ