Депутат солтүстік өңір тұрғындарына арнайы үстемақы төлеуді ұсынды

0
124
Фото: parlam.kz

 – Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода еліміздің солтүстік өңір тұрғындарының әл-ауқатына алаңдаушылық танытты.

«Климаттық жағдай, әлеуметтік, коммуналдық және жол инфрақұрылымының мәз еместігі аймақта өмір сүруге тартымсыз. Мысалы, жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады. Жаз, қыста егіншілік пен мал шаруашылығын дөңгелетудің мүмкіндігі аз, ал қыста көп жемшөп қорын қажет етеді. Еліміздің солтүстігі газбен аз қамтылған, сонымен қатар халықты ауыз сумен қамту көрсеткіштері өте төмен және ең нашар жолдар осы өңірлерде. Мұның бәрі қолайлы өмір құру үшін үлкен шығынды талап етеді және орташа жалақы ел бойынша көрсеткіштен төмен», – деді Дмитрий Колода депутаттық сауалын ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдай отырып.

Халық қалаулысының айтуынша, солтүстік аймақтарда халық санының азаюы байқалды.

«Кадр тапшылығы проблемасы ұшығып барады, нәтижесінде халықтың сапалы қызметтерге қолжетімділігі төмендейді. Сонымен қатар шекаралас аймақтарда халық санының азаюы ұлттық қауіпсіздік үшін де алаңдатарлық фактор. Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан халқының азаюына алаңдаушылық білдіріп, өңірлік теңгерімсіздіктерді төмендету міндетін қойды. Бұл мәселенің шешімін еліміздің еңбекқор өңірлерінен қоныс аудару бағдарламаларын іске асыру арқылы ғана емес, өмір сүру үшін лайықты жағдайларды қамтамасыз етуде қажет», – дейді ол.

Сондай-ақ, депутат халықаралық тәжірибе көрсеткендей, климаттық жағдайы бізге ұқсас елдерде тұрғындар үшін қаржылық қолдаудың түрлі құралдары барын айтты. Осы орайда еліміздің солтүстіктегі халқы үшін арнайы өңірлік үстемеақы енгізуді тілге тиек етті.

«Солтүстік өңірлердің мәселелерін шешудің екінші факторы – аймақты газдандыру. Үкіметтің күн тәртібіндегі елдің солтүстік аймақтарын газдандыру жоспарына ұзақ уақыт болды, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ. Сонымен қатар бұл мәселені шешудің нақты кестесі жоқ», – дейді ол.

Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода солтүстік өңірлердің мәселесін жедел шешу үшін келесі ұсыныстарды алға тартты:

1. Солтүстік өңірлердің тұрғындары үшін арнайы өңірлік үстемеақыны есептеу бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуді ұсынамыз;

2. Жас мамандарды тарту үшін коэффициенттер ескерілсін;

3. Зейнеткерлер үшін өңірлік үстемеақыны есептеуді енгізу мүмкіндігін қарастыру;

4. Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыру мәселесін шешуді жеделдету.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ